+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қостанай облысында Тілеп әулиенің кесенесі бой көтерді

2019 жылғы 22 қазан 21:39
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында Тілеп әулиенің кесенесі бой көтерді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жанкелдин ауданында Тілеп әулие кесенесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде республикалық әдеби форум өтті Жекелеген азаматтардың «Менің әліпбиім қабылданады» деуі қате пікір – Нұрғиса Дәуешов Жамбыл облысындағы ең биік ескерткіш орнатылуда

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың сөзіне қарағанда, кесене құрылысы демеуші қаржысына салынды.

Бұл нысан облыстық маңызы бар орындардың қатарына енеді. Құрылыс жұмыстарына 10 млн теңге жұмсалды.

«Тілеп Аспантайұлы 13 жасынан қобызда ойнай бастаған дейді. Әйгілі Қойлыбайдың шәкірті болған. Қазақтың музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Біздің заманымызға оның тек үш күйі ғана сақталып жеткен. Олар музыкалық мұраның алтын қорына енген. Тілеп Аспантайұлы атақты емші, көріпкел ретінде де танымал. Өзеннің арғы бетіндегі киіз үйді бергі бетке көшіретін бақсылығы да тараған. Адамдарды түрлі аурудан емдеген қасиетті қара қобыз ұрпақтан ұрпаққа қалды. Бұрынғы Южный совхозында «Тілеп бидайығы» деген жер бар. Өзі көшіп жүргенде: «Астымдағы нарым қай жерге шөгеді, мені сонда жерлеңдер» - деген екен. Оның бейіті Жанкелдин ауданы А.Байтұрсынұлы округінің Шұқыркөлінен 12 шақырым жерде орналасқан», - дейді Жанкелдин ауданының ақсақалы Ибрагим Ағытаев.

Айта кетейік, қазір музыкалық академияда Тілеп Аспантайұлының атында қобызшылар квартеті, музыкалық академия ансамблі бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT