Қостанай облысында тепловоз дала өртіне себеп болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ», - деп мәлім етті департаменттен.

Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.

Автор: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар