Қостанай облысында тәркіленген мүліктер 64 млн теңгеге сатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті үстіміздегі жылдың 8 айында жалпы құны 64 млн 652 тың теңге болатын мүлік тәркілеген. 

Бұл жайлы бүгін облыстық әкімдіктің отырысында департамент басшысы Айбек Ғалымжанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Есепті кезең барысында 259 481 бірлік тәркіленген мүлік сот үкімдерінің заңды күшіне енуіне байланысты мемлекеттік мүліктер тізіміне кіргізу үшін департаменттің тіркеуіне алынды. Соның ішінде: жылжымайтын мүлік - 3-еу, автокөлік құралдары - 40, екі ЖШС қатысым үлесі, бағалы бұйымдар - 289,3 грамм, алкоголь өнімдері - 174 678 дана, темекі өнімдері - 83 601 қорапша, ХТТ (халық тұтыну тауарлары) және басқа да мүліктер - 935 бірлік», - деп мәлімдеді Ғалымжанов.

Бұдан тыс, облыстық ведомство бастығының сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлер берген 42 сыйлық мемлекеттік қорға алынған.

«Департамент тәркілеген мүліктің ішінен 1 ғимарат, 6 автокөлік құралы, 23,3 ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары), 19 кеңсе техникасы веб-портал арқылы, өтініштер негізінде мемлекеттік органдар балансына қайтарымсыз берілген. Ал 289,3 грамның бағалы бұйымы ҚР Ұлттық банкіне өткізілді. Тәркіленген мүліктің қалған бөлігі электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылып, жалпы сомасы 64 млн 652 мың теңгеге сатылған», - деді Айбек Ғалымжанов.

Соңғы жаңалықтар