+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қостанай облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы ашылмақ

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:08
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы ашылмақ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында киелі нысандардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысына 196,2 млрд теңге инвестиция тартылды – Архимед Мұхамбетов Жетісудан шыққан рухани керуен арыстықтармен кездесті Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың сөзінше, өңірде 29 киелі нысан бар. Атап айтқанда, жалпыұлттық маңызы бар – 10, өңірлік маңызы бар 19 нысан тіркелген. Олардың қолжетімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жасалған Жол картасының шеңберінде 175 млн теңге жұмсалған.

«Амангелді, Жангелдин, Денисов, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым аудандарының әкімдіктері 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасында көзделген іс-шараларды толық көлемде орындады. Жангелдин ауданында жалпы сомасы 3,65 млн теңгеге Қазыбай әулие мазарына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, зиярат етуге келгендер үшін үй салынды. Қобызшы Тілеп Аспантайұлы жерленген жерде 12 млн теңгеге мавзолей тұрғызылды. Бейімбет Майлин ауданындағы Жабағы Ипанұлы батырдың жерленген жеріне қоршаулар мен қақпа орнатылып, кірме жол салынды. Жалпы, облыстың барлық киелі нысаны қанағаттанарлық жағдайда. Барлық объектілерде QR коды бар үш тілдегі ақпараттық тақтайшалар орнатылған», - деп мәлім етті Ерлан Қалмақов.

Осы жылы Қостанай облысының киелі жерлерінің тізіміне қосымша 9 нысан енгізілді.

Ерлан Қалмақов облыс әкіміне 2020 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығын ашуды ұсынды. Орталықтың мақсаты өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу болмақ. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәдениет басқармасы басшысының ұсынысын қолдады. Сондай-ақ, ол өңірді таныстыратын 10-15 минуттық бейнефильм жасауды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT