Қостанай облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында шомылу маусымы келеңсіз жағдаймен басталды. Облыста екі күнде екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға кеше кешкісін Қостанай ауданында болды.
«Алтынсарин кентінің шетінде, Тобыл өзенінен Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп жатқанда батып кеткен», - деп мәлімдеді ведомство.
Анықталуынша, жасөспірімнің суға батудан қорғанатын құралдары да болмаған.
Еске сала кетейік, кеше Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 15 жасар жеткіншек суға батып кеткенін хабарлаған едік.
Автор: Жанна Мұсабаева
- Ақтөбе облысында киік атқан браконьерлер ұсталды
- Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді
- Маңғыстауда дезинфекция кезінде 2 адамның өліміне себепші болған маман сотталды
-
Нұр-Сұлтандағы әуежайда оқ атылды
-
Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам