Қостанай облысында тағы бір қала пайда болады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тағы да бір қала пайда болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында белгілі болғандай, жолдарды қайта жөндеу, күрделі жөндеуден өткізу және инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу үшін облысқа республикалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінді.

Облыс әкімінің сөзінше, Қостанай ауданының «Көктем», «Тобыл-1», «Тобыл-2» шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылыстары аяқталған соң, аудан қала мәртебесіне ұсынылуы мүмкін. Аталған мөлтек аудандар инженерлік-коммуникациялық желілер тартылғаннан кейін тұрғындар игілігіне беріледі. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін 114 млн теңге бөлінді.

«Өздеріңізге белгілі, Қостанай облысында төрт қала бар. Олар: Қостанай, Рудный, Лисаков және Арқалық. Ал Жітіқараның аумағы кең болғанымен, ол ресми түрде қала мәртебесіне ие емес. Қостанай ауданының орталығы Затобол селосында 25 мың адам тұрады. Дегенмен, бұл 10 жыл бұрынғы санақтағы мәлімет. Келесі жылы тағы да санақ жүреді. Бұған қоса Заречный селосында 10 мың адам бар. Міне, енді осы көрсеткіштерді ескеріп, Затобол селосына қала мәртебесін алып беруіміз қажет. Мен бұл мәселені осы айдың соңына қарай тағы да көтеремін. Тиісті министрлікпен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі мәлім еткендей, қазір Қостанай қаласындағы «Әуежай» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Биыл шағын ауданға жақын орналасқан өзеннің маңайы абаттандырылып, жаңа саябақ және жағалау ашылады.

Соңғы жаңалықтар