Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2017 жылмен бірдей гидрометеорологиялық деректер байқалды. Сондықтан сол жылғыдай су тасқыны қайталануы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл қардың биіктігі нормадан жоғары, қар жамылғысындағы су қоры да нормадан жоғары.

Су тасқынының ықтимал асқынуы Қарасу, Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл, Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Б. Майлин ауданында және Қостанайда болуы мүмкін. Тасқын және еріген қар су басуы мүмкін аймақтарда 95 елді мекен бар.

«Бұл елді мекендерде халық санағы, үй жануарларының тізімдемесі жүргізілді, халықты орналастыру орындары дайындалды және жануарларды айдап әкету орындары белгіленді. Су тасқыны салдарынан жол инфрақұрылымының бұзылуына жол бермес үшін су өткізу құрылыстарын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Біржан Кәрімов.

Облыстың барлық өңірі жалпы сомасы 814 млн теңгеге қаржы қаражатының резервін қалыптастырды. Су тасқыны кезеңінде инертті материалдардың қажетті қоры, 167 тоннадан астам жанар-жағармай материалдары, 14 тоннадан астам азық-түлік, 9,1 мың инертті материал және 60 954 дана ыдыс-қаптар дайындалды .


Соңғы жаңалықтар