Қостанай облысында су құбыры желілерін жөндеуге 10 млрд теңге бөлінді
2018 жылғы 24 шілде 16:31

Қостанай облысында су құбыры желілерін жөндеуге 10 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында биыл сумен жабдықтау және су тарту желілерін күрделі жөндеу жалғасып жатыр. Оған 10 млн теңге бөлінген, деп мәлім етті Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Исенбаев. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

А. Исенбаевтың айтуынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2016 жылдары Қостанай облысында бюджеттен сумен жабдықтау және су тарту желілерін жаңартуға бағытталған 75 жобаға 34 млрд теңге бөлінген.

«1100 шақырым желі жаңартылды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары бюджеттік несиелеу тетігі арқылы облысқа 15 жобаны жүзеге асыру үшін 10 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 143 шақырым сумен жабдықтау, 14 - су тарту желісі қайта құрылды», - деп хабарлады ведомство басшысы.

«Былтыр өңірді дамыту бағдарламасы бойынша ауылды сумен жабдықтауда 9 жобаны жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінді. Осы жылы сумен жабдықтау және су тарту бойынша 25 жоба үшін 9,7 млрд теңге берілді. Оның ішінде 8 млрд теңге сумен жабдықтау желілерін қайта құруға, 1,7 млрд теңге құрылысқа жұмсалды», - деп түсіндірді А. Исенбаев.

Осы 25 жобаны жүзеге асырудың арқасында сумен жабыдықтау желілерінің тозығы 2,1%-ға төмендейді. 25 жобаның 21-і - ауылды сумен жабдықтауға арналған.

Осылайша, 93 мыңнан астам адам алғаш рет орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT