Қостанай облысында спорт алаңдары мен салондардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е. Дәулетбаев карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің жедел штабына сілтеме жасап.

Жаңа қаулыға сәйкес, бүгін сағат 00:00-ден бастап қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат берілді. Бұл ретте автобустар соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде өңделуі керек, сондай-ақ, жолаушыларды қоғамдық көлікке маскасыз кіргізілмейді.

Карантин шаралары жеңілдетілгенімен, ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор, компьютер клубы, түнгі клуб, боулинг орталығы, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батут және басқаларф), банкет залдарының, букмекер кеңселерінің қызметі уақытша тоқтатылады. Ал фудкорттар тек «алып кету және жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.

Санитария дәрігерінің бұған дейінгі қаулысына мынадай өзгерістер енді:

1) кинотеатрлардың, театрлардың (отырғызу орындары санының 20%-нан аспайтын) жұмыс істеуіне рұқсат беру, бұл ретте көрермендерді орындарға «шахмат» тәртібімен орналастыру; күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау, акцияларды өткізбеу;

2) мәдениет объектілеріне келушілер 30-дан аспайды жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілсін;

3) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, оның ішінде қала сыртындағы жол бойындағы сервистің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру (толтырылуы 50% - дан аспайды және бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда), 1 үстелде 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді;

4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік емес дүкендердегі сауда, ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру.

5) ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық – түлік дүкендерін, дәріханаларды, олардағы кинотеатрларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күні тоқтатыла тұрсын;

6) косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері, массаж салондары, солярийлер қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат беру;

7) жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, жабық спорт объектілерінің (спорт кешені, спорт мектебі, спорт клубы, жаттығу залы, фитнес орталығы, спорт - сауықтыру орталығы және басқалар) жұмысына рұқсат беру.


Соңғы жаңалықтар