Қостанай облысында сібір елігін заңсыз атқан аңшылар қолға түсті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары Ұзынкөл ауданында сібір елігін атып алғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Денис Несин мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Владимир Яшин Коняево көлінің маңында Toyota Hilux автокөлігін тексерді.

«Көлікте Қостанай қаласы мен Белоглинка ауылының 3 тұрғыны болған. Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған еліктің терісі жатты. Тексеру барысында полицейлер 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, қазір тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз аң аулаудың 12 фактісін тіркеді.


Соңғы жаңалықтар