Қостанай облысында шабындық кезінде екі адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Сарыкөл ауданында Қаскөл кентіне жақын маңда шабындық кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт бүгін таңертең жұмысшылар демалып жатқан вагонда болды.

«1968, 1999 жылғы ер адамдар көз жұмды. Өрт бүгін сағат 4:45-те болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өртке төсекте жатып темекі тарту себеп болуы мүмкін», - деп мәлім етті ТЖД өкілі.

Белгілі болғандай, оқиға болған жерде тағы бір вагон тұрған. Оның ішінде төрт жұмысшы болған. Алайда олар қатты шыққан дыбысты естіген сәтте өртке оранған вагондағы адамдарды құтқаруға кеш боп қалған.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Құтқарушылар келгенге дейін вагон түгелдей өртеніп кетті.

Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар