Қостанай облысында Сенат депутаттығына үміткер Ғауез Нұрмұхамбетов басым дауыс жинады

2023 жылғы 14 қаңтар, 12:45
Қостанай облысында Сенат депутаттығына үміткер Ғауез Нұрмұхамбетов басым дауыс жинады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қостанай облысы бойынша үміткер ретінде тіркелген Ғауез Нұрмұхамбетовтың кандидатурасын 212 таңдаушы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған өңірде таңдаушы ретінде тіркелген маслихат депуттары көп – 263. Сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 255-і қатысып, дауыс берді. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес, үміткер ретінде тіркелген үш кандидаттың ішінен Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов (83,1%) көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 212 таңдаушы қолдаған.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сентаның депутаттарын сайлауда бірнеше өңір бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.

photo

photo

photo


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar