Қостанай облысында сегіз адам бруцеллез ауруын жұқтырды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жыл басынан бері бруцеллез ауруын жұқтырған 8 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бруцеллезбен ауыратындар жыл сайын тіркеледі. Биылғы жылдың өткен 8 айында облыста 8 адам ауырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 адамға көп. Көп жағдайда адамдар мұны бруцеллезбен ауыратын малды малдан және оның өнімдерін тұтыну нәтижесінде жұқтырады», - деді Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өзінің Instagram парақшасында.

Ведомстводағылар, әсіресе, жаппай төлдейтін кезде ауру малдар адамдар үшін қауіпті екенін айтады.

«Сонымен қатар, малды сойғанда, етін кескенде, ауру малдың сүт және ет өнімдерін тұтыну кезінде инфекция пайда болады. Адамдарда аурудың алғашқы белгілері инфекциядан кейін 15-30 күннен кейін байқалады: бас ауруы, дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі, терлеу, буындардың ауруы. Микроб адам ағзасына шырышты қабаттар мен тері арқылы енеді. Сондықтан қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажет», - деп түйіндеді бөлімше.


Соңғы жаңалықтар