Қостанай облысында саяжай өртеніп, ер адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Лисаков қаласындағы саяжайда өрт шығып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ТЖД кезекші бөліміне Лисаков қаласындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 5 қызметкері және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келген сәтте саяжай үйінің 20 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Өртенген үйдің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Оның 42 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны екені анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері жазда от жаққан кезде барынша сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар