Қостанай облысында сауда орталықтары қоршауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында полиция ірі сауда орталықтарын қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

«Қостанай қаласының полиция басқармасына сауда орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы анонимді қоңырау түсті. Бұл ретте қоңырау шалушы нақты қандай сауда орталығы екенін атамаған. Оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылды. Қостанай қаласындағы сауда орталықтары қоршалды», - дейді Ирина Беженарь.


Соңғы жаңалықтар