Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызды жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысында жел күшейіп, қарлы боран түсті. Соған байланысты 2021 жылғы 2 ақпан сағат 22:00-ден бастап, барлық көлік құралдарының республикалық маңызы бар жолда жүруіне тыйым салынады. Атап айтқанда, «А-21 «Мамлютка-Қостанай» бағытының 252-406 шақырымы (Ұзынкөл ауданы мен Тобыл қаласына дейінгі аралық), «РФ (Екатеринбург қаласы) шекарасы – Алматы» тасжолының 555-683 шақырымы (Тобыл қаласы мен Сарыкөл ауданының арасы), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-105 шақырым уақытша жабылды», делінген ведомство хабарламасында.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, көктайғаққа байланысты облыстық маңыздағы Қостанай-Қарабұтақ тасжолындағы қозғалыс шектелді.

Аталмыш жолдар күн райы жақсарған соң ғана ашылады. Ауа райын болжаушылар көлік жүргізушілерге алыс жолға шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар