Қостанай облысында провизорлық госпиталь ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы «Достық» сауықтыру кешені провизорлық госпиталь қызметіне кірісті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында коронавирус инфекциясымен күрес және алдын алу шаралары жалғасуда. Соның бірі – провизорлық емхананың ашылуы. Бұл шешім өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты қабылданды.

«Қазір бұл стационарға 100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді. Жалпы облыста 460 төсек-орынға сұраныс бар. Жаңа госпиталь 11 шілде күні кешкі сағат 20.00-де алғашқы науқастарды қабылдады. Бұл провизорлық стационардың жұмысын облыстық аурухана реттеп отырады», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Жаңа ашылған стационар дәрігерлермен толық қамтылған. Бұл – Қостанай қаласындағы үшінші провизорлық стационар.


Соңғы жаңалықтар