Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 шілде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған автоларды айналып өтіп, темір жолға шыққан. Бұл кезде жүк пойызы келе жатқан. Апаттан зардап шеккендер бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істейді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрылды.


Соңғы жаңалықтар