Қостанай облысында полицейлердің бірыңғай қабылдау күні өтеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Полиция департаменті азаматтарды қабылдау күнін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция басшылығы 20 мамырда облыстың барлық қала-ауданында азаматтарды бір мезетте қабылдайды. Іс-шара «2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» іске асыру шеңберінде өткізіледі. Онда жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл, халықпен жұмыстың жаңа форматы бекітілген болатын. Аталмыш шара аумақтардағы фронт-кеңселерде өтеді.

«Әр аудан-қаладағы полиция бөлімдерінің басшылары тұрғындармен өздері кездеседі. Көптен бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер турасында заң тұрғысында кеңестер беріледі. Ауылдық жерлерде азаматтарды қабылдауға ерекше назар аударылатын болады. Облыстық департамент бастығы Бекет Аймағамбетов те тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды», - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды шара облыста бірінші рет қолға алынды.

Еске салсақ, былтыр Қостанай облысының 13 аудан және қаласындағы полиция бөлімшілерінде фронт-кеңселер ашылды.

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру барысында ашылған фронт-офистің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту.

Соңғы жаңалықтар