Қостанай облысында полицейлер хоккей жанкүйерлерін құтқарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Патрульдік полицейлер кеше түнде Рудныйдан Қостанайға жаяу жол тартқан 20 хоккей жанкүйерін құтқарды. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«2 ақпанда жастар сүйікті командасына қолдау көрсету үшін Қостанайдан Рудныйға келген. Жігіттер жарысты ұйымдастырушылар кері алып қайтады деген сенімде болып, қалталарына ақша салып шықпаған, өздеріндегі бар қаражаттарын матчқа кіру билеттеріне жұмсаған», - деп хабарлады полициядан.

«Сағат 22-нің шамасында Рудный-Қостанай күре жолында жолдың бойымен келе жатқан бір топ жігітті көрдік. Олардың үйлеріне көлікпен баруға ақшалары болмаған соң, жаяу шығып кеткені белгілі болды», - деп баяндады аға сержант Дәулет Тілеукенов.

Полицейлер 16-20 жас аралығындағы жас жанкүйерлерді Қостанайға жеткізу үшін автобус шақырды. Тәртіп сақшылары сондай-ақ олардың ата-аналарын жасөспірімдерді қостанайлық автовокзалда күтіп алуын ескертті.

ІІД-нің баспасөз қызметінде полицияның аға сержанты Дәулет Тілеукеновтың «Ерлігі үшін» наградасының иесі екенін атап өтуде. 2012 жылы ол қызметтесімен бірге суға батып бара жатқан адамды құтқарды. Бұл ерлік ісі ҚР Ішкі істер министрлігінде бағаланды. Дәулеттің есімі «Қостанай облысының алтын жастары» кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар