Қостанай облысында полицейлер 400 келіден астам есірткіні өртеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының» кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашишті өртеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде мұншалықты ірі көлемдегі есірткі заттары бірінші рет тәркіленіп отыр.

«Есірткі 28 шілде күні Бегежан ауылының 49 жастағы тұрғынынан тәркіленген. Күдікті 21 қап марихуана мен 2 пакет гашишті Рудный қаласында өзі жалға алған гаражда сақтаған. Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнай сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі заттары 30 млн теңге шамасында болады», делінген полиция ақпаратында.

Рудный қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкеновтың айтуынша, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға заң бойынша рұқсат етілмейді. Оның қылмыскерге сот үкімі шықпай жатып жойылуының себебі де осы.


Соңғы жаңалықтар