Қостанай облысында полицейді көлік қағып, мерт қылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 6 қарашада Қарасу ауылында болды.

«33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды», делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

Полиция басшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар