Қостанай облысында өткен айтыста Айбек Қалиев топ жарды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өткен ақындар айтысында Айбек Қалиев бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап.

null
Таран ауданында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Жыр додасына Айбек Қалиев, Салтанат Өтелбаева, Байбатыр Ахметбеков, Ғалымгерей Кенжеғожин, Мамай Ізтілеу және Марғұлан Оспанов сынды ақындар қатысты. Қазылар алқасында А.Шаяхмет, Н.Мұқатов, Ә.Орманшина, К.Қонысбай сынды танымал тұлғалар болды.
null

Бас жүлдені Айбек Қалиев қанжығасына байлады. 1-орын Мамай Ізтілеуге бұйырса, 2-орынға Салтанат Өтелбаева лайықты деп танылды. Ал 3-орынды Марғұлан Оспанов пен Ғалымгерей Кенжеғозин бөлісті.

Соңғы жаңалықтар