Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға үй салу үшін 2,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 млн теңгеден келеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайды.

«Бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар