Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әулиекөлдің бас жоспарына сәйкес жер бөлдік. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бізге көмек беріп жатыр. Бірге жұмыс тобын құрдық, қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қостанай облысында жылыту маусымы ерте басталады. Яғни, қазан айында. Сол қазан айының соңына дейін үйлерді салып үлгеруіміз керек. 91 үй салынады. Оның жобаларын қазір таңдап жатырмыз. Алдағы 2-3 күнде бекітеміз. Сосын бір аптаның ішінде құрылысты бастауға тырысамыз. Ол жұмыстарға ең тәжірибелі мердігерлер тартылады. Өйткені, ол тез әрі сапалы салынуы керек», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Еске салайық, бұған дейін өрттен зардап шеккендер жаңа үй немесе өтемақы алу мүмкіндігі ұсынылатынын хабарлаған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/zhana-uy-nemese-otemaky-ortten-zardap-shekken-kostanaylyktarga-tandau-usynyldy_a3974558




Соңғы жаңалықтар