Қостанай облысында өртеніп кеткен аурухана тез арада жөнделеді – әкім

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі жұмыс сапарымен Федоров ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы алдымен Федоров аудандық орталық ауруханасына барды. Айта кетейік, осы жылдың 9 қарашасында ауданындық аурухана өртеніп кеткен еді. Сол себепті аурухана пациенттері облыс орталығына көшірілді. Қазір аурухананың шатырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Архимед Мұхамбетов аурухананы жақын арада қалпына келтіруді тапсырды.

«Облыс басшысы Юнацкий және Мелехов көшелеріндегі жолдардың сапасын көрді.

Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілді, құны 177,2 млн теңгені құрайды.

Одан әрі әкім 24 және 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 223 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта шатырды жылыту, металл плиткаларды монтаждау, әрлеу жұмыстары басталды», делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Архимед Мұхамбетов бұдан әрі газбен жанатын блокты-модульді орталық қазандығына барды. Жобаның жалпы құны 88,7 млн теңге болады. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі жоспарланған жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар