Қостанай облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының екі ауданында иелері газ баллондарын пайдаланатын үйлерде газ қоспасының өртенуі орын алды. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиғалардың бірінде адам қаза тапты.

Меңдіқара ауданының Боровское аудан орталығында жекеменшік тұрғын үйде газ қоспасының жарылуы салдарынан өрт шығып, екі адам мерт болды.

«Екі газ баллоны тұрған ауладағы қосымша шағын құрылыс нысанының өртенуі кезінде баллондар қызып, корпустары бүлінген соң, газ қоспасы сыртқа тараған. Бұл өрттің тез таралуына әкеліп соқтырды. Жалын 55 шаршы метрге тараған. Ол сөндірілген соң үйде 1968 жылғы ер адам мен 1973 жылғы әйелдің күйік шалмаған мүрделері табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың өліміне иіс тию себеп болған», - делінеді хабарламада.

Қамысты ауданындағы жекеменшік тұрғын үйдің ас бөлмесінде газ баллоны редуктордың дұрыс қойылмауынан жарылған. Үйдің иесі, 78 жастағы зейнеткер күйік шалып, жарақаттар алды. Қазіргі кезде ол Лисаковск қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жыл басынан бері Қостанай облысында өртке салдарынан 29 адам, соның ішінде 1 бала қаза тапты. 729 рет өрт сөндірушілер оқиға орнына барды.

Соңғы жаңалықтар