+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қостанай облысында орман өртенді

2019 жылғы 15 сәуір 15:09
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында орман өртенді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының екі ауданында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федоров ауданында орман шаруашылығының аумағында өрт фактісі тіркелді.

«Федоров ауылынан 75 шақырым қашықтағы Таран орман шаруашылығы мекемесінде қайың мен көктерек үйінділері жанды. Өрттің себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Тағы бір орман өрті Қарабалық ауданында болды. Михайлов орман шаруашылығы алқабында қайың мен көктерек үйінділері тұтанған. Әзірге тілсіз жаудың қанша аумақты шарпығаны белгісіз. Өрттің себебі, материалдық шығыны және көлемі анықталып жатыр.

Иллюстрациялық фото

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT