Қостанай облысында он айлық нәресте ыстық суға күйіп қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында он айлық сәби ыстық суға күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 қыркүйекте Амангелді ауданындағы Байғабыл ауылында болды. 10 айлық қыз бала шәйнектегі қайнап тұрған суды үстіне аударып алған.  Ол үшінші деңгейлі күйікпен Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, ол Амангелді аудандық ауруханасында бір тәулік жатыпты. Облысқа жеткізілгенде ауыр халде болған.

Сәби 18 қыркүйекте көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар