Қостанай облысында омартаға кетіп, оралмаған ер адамға іздеу салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жітіқара ауданында хабар-ошарсыз кеткен ер адамға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 маусым күні 14:20-дан бастап Жітіқара ауданының Чайковский кентінде Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы 1957 жылы туған ер адамды іздеп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғанындай, ер адам 14 маусым күні омарталарын тексеруге кетіп, қайта оралмаған. Әзірге іздеу шаралары нәтиже берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар