Қостанай облысында найзағай түсуі мүмкін - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«20 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ауа температурасы кей жерлерде 36 градусқа дейін көтерілуі мүмкін», - дейді «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының кезекші синоптигі Раиса Маркевич.

Раиса Маркевич дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %-ға тең екенін айтты.

Сондай-ақ, ауа райын болжаушылар тұрғындарға алыс жолға шығарда барынша сақ болуға шақырады.

Еске сала кетейік,  Қостанайда 11 шілдер күні найзағайдан оқушы қаза болған еді. 

Соңғы жаңалықтар