Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі балалар жазғы демалыстары үшін алаңдаулы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жазғы демалыстары биыл ұйымдастырылмауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жағдайдың бұлайша қалыптасуына балалардың демалысын ұйымдастыру ісін қаржыландыратын ірі қоғамдық қордың қаржылай қиындықтарды бастан өткеруі себеп болып отыр.

Балалардың демылысын ұйымдастырушылардың айтуынша, жергілікті билік бұл мақсатқа 500 мың теңге бөлуге келіскен, алайда бұл сома 100 баланың демалысына жеткіліксіз.

«Перекресток» қоғамдық қорының мүмкіндігі шектеулі балалардың демаласын ұйымдастырып келе жатқанына 5 жыл болған. Үкіметтік емес ұйым қаржыны ұзақ жылдар бойы шетелден арнайы грант негізінде алып келген. Соңғы жылдары шетелдіктер осы бағытқа бөлінетін қаржыны қысқартқан. Енді қоғамдық қор өкілдері жергілікті шенеуніктерден көмек сұрауға мәжбүр.

«Қазір біздің жағдайымыз мәз емес, бізге мемлекеттің көмегі қажет. Соған қарамастан біз бәрібір түрлі кедергілерге тап болудамыз. Біз ресми орындарға хат жолдадық. Алайда ол жақтан қолданыстағы заңнама бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысына қаржы бөлу мүмкін еместігі айтылған жауап келіп жатыр», - дейді қордың жетекшісі Алексей Куликов.

Енді бәрінен күдер үзген қоғамдық қор өкілдері қалың көпшіліктен қаржы жинауға бел буған. Қазір әркімнің де балалардың проблемасына ұшын созуға мүмкіндігі бар. Ол үшін қорға тиісті қаржы аудару керек. Осы уақытта 10 баланың демалысына қажетті қаржы бөлінді. Ұйымдастырушылар игі іс жалғасын табады деп үміттінеді.

Соңғы жаңалықтар