Қостанай облысында минивэн екі жүк көлігімен соқтығысып, 2 адам қаза тапты

None
Screen from video/ t.me/POLICE_of_KZ
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай – Әулиекөл – Сурған автожолында жеңіл көлік екі жүк машинасымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 6 маусым күні сағат 11:00 шамасында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Alphard автокөлігінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болған, оның үшеуі жүргізушінің кәмелетке толмаған балалары. Көлік иесі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Онда Көкшетау қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысқан. Одан әрі минивэн Атбасар қаласының тұрғыны тізгіндеген DAF жүк көлігімен бетпе-бет соғылған.

«Апат салдарынан Toyota автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қаза болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар