Қостанай облысында мемлекеттік шекарада 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында карантин кезіндегі сақтық шаралары қайта күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір өңірде 4 санитарлық бекет жұмыс істеп тұр.

«Санитарлық бекеттердің барлығы Қостанай облысының мемлекеттік шекарасында орналасқан. Атап айтқанда, Ұзынкөл ауданындағы «Обаған», Қарабалық ауданындағы «Қайрақ», Жітіқара қаласындаңы «Желқуар», Майлин ауданындағы «Аят» бекеттерінің жұмысы жанданды. Санитарлық бекеттерге 10 полицей, 8 медицина қызметкері және 3 автопатруль жұмылдырылды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Кешегі мәлімет бойынша санитарлық бекеттерде 240 автокөлік тексерілген.

Шекарадан өтпек болған 1 көлікке рұқсат берілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар