USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қостанай облысында малға жем-шөпті арзандату үшін 1,9 млрд теңге бөлінді

2021 жылғы 3 желтоқсан 19:05
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында малға жем-шөпті арзандату үшін 1,9 млрд теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты болып отыр. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты болып отыр. 10 айдың қорытындысы бойынша жалпы шығарылым 553,3 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 86%. 2021 жылы астықтың жалпы түсімі 2,9 млн тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарынан 7,2 центнер», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қолайсыз ауа райы факторларының салдарын азайту үшін жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы (сиыр, ұсақ мал, жылқы) үшін азық құнын арзандатуға шамамен 1,9 млрд теңге бөлінді.

«Ет өндірісінің 4,2% және сүт өндірісінің 2,1% өсуі тіркелді», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT