Қостанай облысында мал іздеп шыққан тұрғын жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 11 қазан күні Меңдіқара ауданында 35 жастағы тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпарат Меңдіқара аудандық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне тек 13 қазан күні келіп түскен.

«Құлшықай ауылында сағат 23.00 шамасында 35 жастағы Ербол Сұлтанов үй жануарларын іздеуге шығып кетіп, оралмаған. Ол туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, Меңдіқара аудандық ішкі істер департаментіне немесе мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (71443)2-15-64, 2-12-38, 2-12-41, 52-56-30 немесе 102», - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ербол Сұлтановтың бойы - 182 см, арықша келген, шашы қара. Үстіне қызыл күрте киіп шыққан. Көк түсті шалбар мен қара түсті бас киім болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар