Қостанай облысында мәдениет нысандарының жұмысына рұқсат етілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов короновирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында полиция департаментінің бастығы, Әулиекөл мен Меңдіқара аудандарының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді. Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Архимед Мұхамбетов келіп түскен ұсыныстарға орай штабқа 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап карантин режимін жеңілдетуді ұсынды.

Өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің шешімімен бірқатар жеңілдіктер енгізілді:

1. Аптаның барлық күндерінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметологтың жұмысына рұқсат ету;

2. Жексенбіден басқа күндері СОО, супермаркеттер, гипермаркеттер, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын тауарлар сататын дүкендерге сағат 10-нан 23-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді;

3. Қоғамдық тамақтану нысандары қызмет көрсету мүмкіндігінің 50%-ын пайдаланып, аптаның барлық күндері сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істей алады. Бірақ орындықтар саны 30-дан аспауы керек;

4. Қалалық қоғамдық көліктер аптаның барлық күндері жұмыс істейді;

5. Аптаның барлық күндері сағат 7-ден 22-ге дейін жабық спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтарына қызмет көрсету мүмкіндігінің 30%-ын пайдалана отырып жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

6. Мәдениет нысандарында 30 адамға дейінгі ұжымдардың дайындық жұмыстарын жүргізуіне рұқсат етіледі;

7. Театрлардың, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бірақ бұл нысандар көрермен қабылдау мүмкіндігінің 20%-ын ғана пайдалана алады. Яғни, бір қойылымға 100 адам қабылдай алатын театрларға 20 адам ғана кіре алады;

8. Фудкордтар үшін тағамды беріп жіберуге немесе жеткізіп беруге ғана рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар