Қостанай облысында Қызыл кітапқа енгізілген құландар табиғат аясына жіберілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына өткен жылы жеткізілген 9 бас құлан «Алтын дала» резерватының аймағына жіберілді. Бұл туралы Қостанай облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Мұрат Байділдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда құландар 1930 жылдары пайда көзіне айналып, жоғалуға шақ қалған болатын. Қазіргі таңда елімізде жоғалып бара жатқан аңдардың түрлерін қалпына келтірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі реинтродукция, яғни жерсіндіру болып табылады. Бұл тәсіл Қазақстанда ондаған жылдар бұрын қолданыла бастаған және соның арқасында осы кезде мамандар айтарлықтай тәжірибе жинап та үлгерді.

«Құланды реинтродукциялау шаралары Қазақстанда бірнеше кезең бойынша жүзеге асырыла бастады. 1953-1961 жылдары Барсакелмес аралына Бадхыз қорығынан 14 құлан жеткізілген. Құландар саны 200 бастан асқан соң оларды құрлыққа шығару кезеңі басталды. Кешірек құландар Алтын Емелге әкелініп, бүгінде олардың саны 3 417-ге жетті»,-деп мәлімдеді М.Байділдин.

Қостанай облысының Торғай даласы бүгінгі таңда кезінде осы аймақты мекендеген құлан мен жабайы жылқыларды қалпына келтіруге болатын ірі аймақтардың бірі саналады.

Аумақтық инспекция өкілдерінің хабарлауынша, 2017-2020 жылдары Қазақстанда құланды жерсіндіру жұмыстарын қолға алу жоспарланған.

«2017 жылдың 24 қазанында Жангелдин ауданындағы «Алтын дала» резерватының аймағына жануарларды жіберу мен қабылдау жөніндегі комиссияның қатысуымен 9 құлан бостандыққа жіберілген. Олардың 1-уі еркек, 4-уі ұрғашы, 4-уі олардың төлдері. 4 құланға спутникпен байланысы бар мойын баулары тағылды», - деді инспекцияның бас маманы.

«Қыс мезгілінде құландар 50 гектарды қамтитын арнайы қоршалған аймақта ұсталатын. Жануарлардың сулы әрі жем-шөбі жеткілікті болды. Енді міне, сәуір айында құландар «Алтын дала» резерватына табиғат аясына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар