+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қостанай облысында қызмет барысында көз жұмған полицейлерге ескерткіш қойылды

2019 жылғы 14 қазан 22:40
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында қызмет барысында көз жұмған полицейлерге ескерткіш қойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Жанкелдин ауданында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш тақтасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті СҚО жолдарына патрульдік автокөліктердің макеті қойылды Дәурен Абаев Nur Otan-да азаматтарды қабылдады

Қазіргі таңда полиция департаменті жас ұрпақты Отанға лайықты қызмет ету рухында патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Жастар Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов пен Шалқар Ақымғалиевтің ерліктері мен жанқиярлығын үлгі тұтады. Бұған дейін облыстағы бес ауданда осындай ескерткіш ашылған болатын. Ескерткішті Жангелдин ауданының полиция бөлімі мен әкімдігі бірлесіп орнатты.


Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Роза Аққалиева, Торғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров, аудандық полиция бөлімінің ардагері Құдайберген Әміржанұлы, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар қатысты.


«Бұл ескерткіш тақтасы – ержүрек әріптестерімізге деген шексіз алғысымыздың дәлелі. Полиция қызметкерлерінің өз ісін жақсы көруі және нағыз кәсіби болуы маңызды. Облыста қызметтік борышын орындау кезінде 42 полицей көз жұмды, оның 11-і қылмыскерді ұстау кезінде ажал құшты», - деп атап өтті полиция департаменті арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Мусин.

Ішкі істер органдарының ардагері Құдайберген Әміржанұлының айтуынша, Жангелдин ауданы үшін ескерткіштің ашылуы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Өткенді еске алу – бұл бүгінгінің ісі. Бұл жас ұрпақты құрмет пен патриоттыққа тәрбиелеудің ғажап үлгісі. Іс-шара жергілікті әртістердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT