Қостанай облысында «Қызғалдақтар фестивалі» өтті

None
None
АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды шараға облыстық басқарма басшылары, өзге облыстардың делегаттары, өнер қайраткерлері қатысты. Олар алдымен Үштоғай ауылы маңында құрылған киіз үйлерге бас сұқты. Мұнда меймандарға қазақтың салт-дәстүрлері таныстырылды. Әсіресе, бие байлап, күбі ыстаған үйдің айналасына жиналғандардың қарасы қалың.
null

«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу жөнінде кеңінен айтылған. Бүгінгі қызғалдақтар фестивалі осы бағытта ұйымдастырылып отыр. Кеше Қостанай қаласында өткен аймақтық туристік көрмеге қатысқан қонақтарымызды да осы шараға арнайы шақырдық. Мұндағы мақсат - оларға Амангелді ауданының туристік әлеуетін көрсетіп, құндылықтарымызды насихаттау», - деді Қостанай облысы Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.



Қостанайда туризм саласы енді дамып келеді. Әзірге оның табысы айтарлықтай емес. Өткен жылы 1 миллиард 700 миллион теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл негізінен емдік-сауықтыру санаторилері мен қонақ үй-мейрамхана кешендерінің қызметінен тұрады.
«Біздің облыста туризмнің емдеу-сауықтыру және аңшылық-балықшылық түрлеріне басымдық беріледі. Ол үшін негізінен Алтынсарин ауданының курорттық аймақтарында және Амангелді, Торғай, Арқалық өңірінде жұмыстар жүргізіледі. Қазір Алтынсарин ауданындағы санаторийлерге жылына 20 мың адам келіп демалып, денсаулықтарын түзейді. Торғай-Арқалық өңіріне жылдың бар маусымында аңшылық жасап, балық аулауға Қазақстанның өңірлерімен қатар, шетелдік туристер де келе бастады. Туризмнің бұл түрін дамыту үшін жолдарды жөндеп, олар тоқтайтын аңшылық үйлерін салу жұмыстары атқарылатын болады», - дейді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының Туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы Талғат Көтембаев.
Ары қарай бағдарлама бойынша қонақтар қолөнер көрмесін, ұлттық ойындар мен айтысты тамашалап, киелі орындармен танысты. Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асановтың сөзінше, қызғалдақтар фестивалін өткізу арқылы табиғи құндылықтарды сақтауға біршама үлес қосуға болады.


«Бұл фестивалдің негізгі мақсаты - тұрғындардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыру, қызғалдақты еліміздегі құндылығы туралы туристерге мағлұмат беру. Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап, қорғауға шақыруды көздейді», - деді әкім.
Мамандардың мәліметінше, қырда өсетін қызғалдақтың біздің елімізде 30 түрі бар. Оның ішінде 18-і «Қазақстанның Қызыл кітабына» еніп отыр. Демек, гүлдің бұл түрі ақырындап жойылып барады.

null
Қызғалдақтар фестивалінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 500 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Дирижері - ауданның құрметті азаматы Сапар Ахметжанов.
Ал қазақ күресінен өтіп жатқан турнирге ауылдардан 112 балуан тіркелген. Командалық есепте Амангелді селосы бірінші орынды, Тасты ауылы екінші, Байғабыл ауылы үздік үштіктен көрінді.
Он үш мекеме киіз үйлердің безендірілуі жөнінен жарысқа түсті.
Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған фестиваль мерекелік концертке ұласты. Қостанай қаласы, Амангелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетті.
Айтыс ақындары жырдан шашу шашып, әртістер қсахналық қойылымдарын ұсынды.
Қазақтың тойы ат спортынсыз өтпейтіні және белгілі. Амангелдінің «Тойтөбесінде» өткен көкпар сайысы аса жоғары деңгейде өтті.
Фестивальге арнайы шақырылған шетелдік қонақтар мен қала тұрғындары мерекелік шарадан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде тарады.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар