Қостанай облысында қыз бала сегізінші қабаттан құлап мерт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлаған қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 11 маусым күні болды. 8 жасар бала жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмған.

«Ауыр жарақат алған қыз бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмды», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда 13 жастағы жеткіншек 6 қабаттан құлап мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар