Қостанай облысында қырылған ақбөкендерді жоюмен айналысқан құтқарушылар ғарыш кемесінің бір бөлігін тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қырылған ақбөкендерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан жерде құтқарушылар таңғалдырарлық шар тәріздес зат тапты.

Табылған зат туралы ақпаратты Қостанай облыстық прокуратурасының қызметкері Асқар Сыздықов растап, брифинг кезінде «диаметрі 60 сантиметр болған сфералық зат ғарыш кемесінің бөлігі болып табылуы әбден мүмкін» екенін хабарлады.

Аманкелді ауданының аумағы - ғарышпен байланысты нысандардың бөліктері жиі табылатын, бұл аумақ ғарыштан түсірілетін аппараттардың жиі кездесетін орын.

А.Сыздықовтың айтуынша, табылған шар радиологиялық зерттеуден өткізілді, радиация деңгейінің өсуі тіркелген жоқ. Табылған зат Аманкелді ауданының әкімдігіне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар