Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін мобильді зертхана ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының шалғай ауылдарында ПТР сынамасын тез әрі тиімді жүргізу мақсатында мобильді зертханалық кешен іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заманауи кешен Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Басты мақсат – КВИ алынған сынамаларды тасымалдау уақытын қысқарту. «Ұлттық сараптама орталығы» рмк филиалының басшысы Бауыржан Көпжасаровтың айтуынша, зертхана коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын анықтаудың жеделдігін де арттырады. Көліктегі зертхананың қуаттылығы тәулігіне 300 зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
«Мобильді зертханалық кешеннің көмегімен облыс орталығынан алыс орналасқан ауылдарды қамтимыз. Сынақ нәтижесі де осы жерде белгілі болады. Бұл дәрігерлердің ғана емес, тұрғындардың да жұмысын жеңілдетіп, уақытын жеделдетеді. Көлікте 2 бокс орнатылған. Алғашқысы – бөлу аймағы, мұнда сынама алынады. Одан кейін үлгілер терезе арқылы екінші боксқа жіберіледі. Онда 96 түрлі лабораториялық зерттеу жүргізілетін «биорат» аппараты орнатылған, - дейді Б.Көпжасаров,
Лаборатория қызметкерлері мұндай зертханалық аппараттармен бұған дейін де жұмыс істеп келді. Мобильді зертханалық кешенді басқару мақсатында мамандар Алматыда арнайы оқытудан өткен. Алдағы уақытта Жітіқара қаласының мамандары да арнайы оқытудан өтіп келмек. Оларға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп отыр.
- Қостанайда полиция қызметкері адам өлтіргені үшін ұсталды
- Мәскеуде 65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы бар адамдарды оқшаулау режимі алынды
- Атырауда базарлар мен сауда үйлері штаттық режимде жұмыс істейді
- Елімізге шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген
-
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
-
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам