Қостанай облысында құстың қырылуына қатысты түсінік берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ветеринария басқармасы Федоровский және Қарабалық аудандарында құстардың қырылуына қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, Қарабалық ауданының Тоғызақ, Веренка, Смирновка және Михайловка елді мекендерінде құстарда Ньюкасл ауруына ұқсас клиникалық белгілер байқалғаны туралы хабарламалар ветеринарлық қызметке 9 сәуірде түсе бастаған.

«Ауданның ветеринарлық қызметі ауру құстың биологиялық және патологиялық материалдарын жинап, Ньюкасл ауруына тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберді. Құс ауруы тіркелген жеке қосалқы шаруашылықтарда Қарабалық ауданының ветеринарлық станциясы аурудың таралуына тосқауыл қою мақсатында қора-қопсы мен аулаларды дезинфекциялап, 1444 бас құсқа профилактикалық екпе салды. Құстарды қайта вакциналау алғашқы екпеден кейін екі аптадан соң қарастырылған», - деп түсіндірді ветеринария басқармасынан.

Салалық ведомствоның сендіруінше, 9 маусымнан бері құс ауруы тіркелген жоқ.

Федоров ауданына келсек, ветеринарлық қызметтің мәліметі бойынша құстардың жаппай қырылуы тіркелмеген. Құстардың өлу фактілерін тұрғындар аудандық ветеринария қызметіне хабарлаған жоқ. Ақпаратқа сәйкес, 15 маусымда Ленино ауылында 3 құс өлген.


Соңғы жаңалықтар