Қостанай облысында құрылыс дүкеніне «бомба қойылды»

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының полиция департаменті құрылыс дүкеніндегі жарылғыш зат туралы хабарламаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдың айтуынша, бүгін сағат 12:00 шамасында Қостанай қаласы Карбышев көшесінің бойындағы «Мегастрой» құрылыс дүкеніне «бомба» қойылғаны туралы хабар түсті.

«Оқиға орнына арнайы қызметтер жұмылдырылып, полицияға келіп түскен хабарламаны тексеру бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Осындай сипаттағы әрбір хабарлама кешенді түрде тексеріледі. Ол жалған ақпарат болса да, арнайы қызмет өкілдері шақыртылады. Сондықтан облыс тұрғындарын жеке қауіпсіздік мақсатында арнайы қызметтердің жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - дейді И.Беженарь.

Айта кетейік, бұл – Қостанай облысындағы бір аптадағы екінші жағдай. Күні кеше жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан күдіктіге іздеу салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар