Қостанай облысында құны 200 000 доллардан асатын криптоактивтер табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «KZobmen.com», «1WM.KZ», «Kazobmen.ru», «WM007.KZ», «KZ-EXCHANGE.COM» крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген криптоайырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар табылды. Айтап айтқанда: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды.

Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді»,-делінген хабарламада.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар