Қостанай облысында құны 1 трлн теңгеден астам өнеркәсіп өнімдері өндірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста Қостанай облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланып, биылға жаңа міндеттер қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина өңір экономикасы туралы мәлімет берді.

Оның сөзінше, былтыр облыс экономикасына 288,1 млрд. теңге тартылды. Өнеркәсіп өнімдері көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асқан.

«Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 15,3%-ке, құрылыс жұмыстары 6,6%-ке, тұрғын үй салу – 12,1%-ке өсті. Сыртқы инвестициялар 2,4%-ке ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 13,8%-ке артып, 2,1 млрд АҚШ долларына жетті. 2019 жылы «СарыАрқаАвтоПром» 24 мыңнан астам жеңіл автомобиль өндірді. Бұл серіктестік экспортының 9 есеге көбеюіне ықпал етті. Өсім комбайн шығаратын «Агромаш Холдинг» зауытында да байқалады. Агроөнеркәсіп саласында мал шаруашылығы өнімін өндіру 1,9%-ке артық. Алайда, астық түсімінің 32,8%-ға төмендегені байқалады. Бұл былтырғы құрғақшылық жағдайына байланысты»,- деді Г.Мұсағазина.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көрсеткіштердің жақсы екенін айтып, осы қарқынды түсірмеуді тапсырды.

«Жалпы жылды жаман аяқтаған жоқпыз. Бірақ, жекелей салаларда кемшін тұстарымыз бар. 2020 жылы қала және аудан әкімдері экономикалық белсенділіктің өсуіне қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде нақты шараларды қабылдауы қажет. Әсіресе, оңтүстік өңірлердің әкімдері мұны қаперге алсын.




Соңғы жаңалықтар