Қостанай облысында құдық ішінен жанып кеткен адамның мәйіті табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара ауданында өртеніп кеткен үйсіз адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жітіқара қаласында кәріз құдығында матрац жанған. Өрт орнында 90% жанып кеткен мәйіт табылды. Болжам бойынша ол үй-күйі жоқ адам болуы мүмкін. Жынысы анықталып жатыр», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, бастапқы болжам бойынша өрт темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдаланудан шыққан.

Соңғы жаңалықтар