Қостанай облысында қуаңшылыққа қарсы шаралар қабылданды
2019 жылы облыста ауыл шаруашылығы саласында 391 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Алайда бұл көрсеткіш алдыңғы жылғыдан 22,1 пайызға төмен. Мұның негізгі себебі – жазғы құрғақшылық.
«Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша 3 млн тонна астық бастырылды. Облыс бойынша дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 7,6 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 67 мың тонна картоп және 16,2 мың тонна көкөніс жиналды. Бұл нәтижелер алдыңғы жылдардағыдан төмен. Қазіргі уақытта ерекше құрғақшылық салдарын жеңілдету үшін мемлекеттік қолдаудың шаралары қабылданды. Ауыл шаруашылығын дамытуға «ҚазАгро ҰБХ» АҚ қаржы институттары берген несие қаражаты мерзімін ұзарту туралы мәселе шешілді. Ел Үкіметінің резервінен ІҚМ қолда ұстау кезеңінде аналық малды сақтау үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 378,6 мың теңге сомасында бір жолғы қаржылық көмек бөлінді», - деді Архимед Мұхамбетов.