Қостанай облысында коронавирусқа қарсы екпе алатындар санаты кеңейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаевтың коронавирус инфекцияның алдын алуға бағытталған жаңа қаулысы жарық көрді. Аталған құжатқа сәйкес, КВИ-ге қарсы вакцина алатын тұрғындар санаты кеңейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің медициналық персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері; ұлттық халық санағын өткізу үшін педагогтер, интервьюерлер; учаскелік полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, сот органдарының қызметкерлері; медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және жабық балалар мекемелерінің персоналы; Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері вакцина алатындығы көрсетілген.

Сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің персоналы; әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының персоналы; студенттер, созылмалы ауруы бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі); 65 жастан асқандар; өндірістік кәсіпорындардың, фабрикалардың, акционерлік қоғамдардың, бизнес құрылымдардың және басқаларының қызметкерлері; консалтингтік компаниялардың, бірлестіктердің, кеңсе ұйымдарының, банк және қаржы құрылымдарының қызметкерлері; ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар) да екпе ала алады.


Соңғы жаңалықтар